Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді
қазақстандық дипломат және саясаткер
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді (30 маусым 1968; Ақсукент ауылы, Түркістан облысы) — мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді | ||||||||||
Лауазымы | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||
2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап | ||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||||||
Премьер-Министр | Асқар Мамин Әлихан Смайылов | |||||||||
Ізашары | Бейбіт Атамқұлов | |||||||||
Ізбасары | өзі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі ретінде | |||||||||
| ||||||||||
2021 жылдың 18 қаңтары — 2023 жылдың 29 наурызы | ||||||||||
Ізашары | өзі Сыртқы істер министрі ретінде | |||||||||
Ізбасары | Мұрат Нұртілеу | |||||||||
| ||||||||||
2023 жылдың 14 тамызынан бастап | ||||||||||
Ізашары | Әлібек Бақаев | |||||||||
Өмірбаяны | ||||||||||
Білімі | Әл-Фараби ат. ҚазҰУ | |||||||||
Мамандығы | Философия маманы | |||||||||
Азаматтығы | Қазақстан | |||||||||
Дүниеге келуі | 30 маусым 1968 (56 жас) Ақсукент ауылы, Сайрам ауданы Түркістан облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||||||||
Марапаттары |
| |||||||||
өңдеу |
Өмірбаяны
өңдеу- 1990-1993 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді.
- 1993–1996 жж. — атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы;
- 1996–1999 жж — Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы;
- 1999–2000 жылдары — Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екі жақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы;
- 2000–2001 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;
- 2001–2003 жж — Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің кеңесшісі;
- 2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі лауазымын атқарған;
- 2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі;
- 2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін — Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн княздігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
- 2015 жылы ҚР-ның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді.
- 2016-2019 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
- 2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
- 2021 жылдың қаңтарында Мұхтар Тілеуберді Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
- 2023 жылдың 14 тамызында Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды [1]
Марапаттары
өңдеу- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2014 ж.)
- «Астанаға 10 жыл» медалі
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі
- «Астанаға 20 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
- «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына 10 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі[2]
Сілтемелер
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ inbusiness.kz Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды (қаз.). Тексерілді, 14 тамыз 2023.
- ↑ Досье: Тлеуберди Мухтар Бескенулы. inbusiness.kz»