Османлы сұлтандарының тізімі


Османлы мемлекетінің сұлтаныОсманлы мемлекетінің басшысы, Османлы әскерінің бас қолбасшысы.

Османлы мемлекетінің сұлтаны
түр. Osmanlı Devleti'nin sultanı
Империялық

Османлы мемлекеті сұлтанының байрағы

I Османнан VI Мехметке дейінгі османлы сұлтандары
Алғашқы сұлтаны I Осман (1299-1326)
Соңғы сұлтаны VI Мехмет (1918-1922)
Лауазым пайда болды 27 шілде 1299 жыл
Лауазым ыдыратылды 1 қараша 1922 жыл
Резиденциялар

Османлылардың ата-тегі оғыздардың қайы тайпасынан шығады. Бұл тайпа XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан құтылып, Анадолыға көшеді. Тайпаның басшылары осында әскер жинап жатқан хорезмшаһ Жалаладдин Мәңгібердінің (1199-1231) қызметінде болады. Кейінірек Ертұғрыл бей (1198-1281) бастаған тайпаның бір бөлігі Анадолы Селжұқ Мемлекетіне көшеді. Селжұқтардың сол кездегі сұлтаны I Алаеддин Кейкұбат (1192-1237) Ертұғрылға Анадолыдағы Сөгүт қаласын сыйлайды. Осы қалада Ертұғрыл ұлы I Осман 1299 жылы Османлы Бейлігінің негізін қалайды.

I Осман (1258-1326) және оның баласы Орхан (1288-1359) Анадолыдағы әжептәуір жерді басып алады.

I Мұрат (1326-1389) өз әкесі мен атасының жаулауларын жалғастырады. Бұл жетістіктерді пайдаланып, ол 1383 жылы өзіне «сұлтан» деген атақ алды. Ол 15 маусым 1389 жылы Косово шайқасында серб серісі Милош Обиличтің қолынан қаза тапты.

I Баязит (1357-1403) небәрі 13 жыл ішінде (1389-1402) мемлекеттің аумағын екі жарым есе ұлғайтты. Бұл оның шешімді тез қабылдауы мен оның әскерінің шапшаң жылжуының әсері. Осыған байланысты ол «Шапшаң» деген лақап атымен әйгілі. Шапшаң Сұлтан Баязит тек бір ғана шайқаста жеңілді: Анкара шайқасында. Бұл жеңіліс ел ішінде өзара соғысты туғызды. Сұлтанаралық заманында I Баязиттің ұлдары Иса, Мұса, Сүлеймен және Мехмет арасында соғыс болды. Сұлтанаралықтан Мехмет шаһзада жеңімпаз болып шықты.

I Мехмет (1387-1421) сұлтанаралықтан әбден әлсіреген мемлекетті қайта қалпына келтірді. Замандастар бұл сұлтанды әділ, момын, бейбітшіл және білімді деп сипаттайды.

II Мұрат (1404-1451) өте қайратты билеуші болды. Оның тұсында османлылар өзінің ескі иеліктерін қайтарып алды. Елде мешіттер салынды, өнер өрледі, ғылым дамыды және мәдениет өркендеді.

II Мехмет (1432-1481) 1453 жылы Шығыс Рим империясының елордасы Константинополь қаласын жаулап алып, империяны толығымен жояды. Осыдан бастап ол «Жаулаушы» лақап атымен танымал болады. Константинопольмен шектелмей, Еуропаның басқа да жерлерін жаулауға кіріседі. Бірақ оның жасы мен денсаулығы оның көптеген жоспарларына кедергі болды. Жаулаушы Сұлтан Мехмет 1481 жылы ол Гебза қаласында мерт болды. Өзі салған Фатих мешітінде жерленді.

I Сәлім (1447-1512) 1517 жылы Мысырдағы мәмлүктердің мемлекетін жояды. Өзінің қатал саясаты үшін ол «Жауыз» атанды. Сол жылы Жауыз Сұлтан Сәлім өзіне «Халиф» атағын алады. Енді бұл атақ келесі османлы сұлтандарының да атағы болады. Осылайша Ұлы Османлы Мемлекеті «Халифат» атанады. I Сәлім өзінің бар-жоғы 8 жылдық (1512-1520) билік жүргізген заманында Күрдістанды, Шамды, Мысырды, Алжирді, Мекке мен Мединені жаулап алды.

I Сүлеймен (1494-1566) 1526 жылы Мохач шайқасында 55-60 мыңдық әскерімен мажарлар мен чехтердің 38-41 мыңдық әскерін толығымен жеңеді. Соғыс барысында Мажарстан мен Аустрияның патшасы II Лайош батпаққа батып мерт болады. Соғыстың нәтижесінде османлылардың Еуропадағы беделі артты. I Сүлеймен өзінің 46 жылдық (1520-1566) билік жүргізген заманында Славонияны, Мажарстанды, Молдованы, Иракты, Бахрейнді, Ливияны, Тунисті, Босния және Герцеговинаны жаулап алды. I Сүлейменнің тұсында османлылардың қуаты шарықтауының шыңына жетті. Сұлтан 7 қыркүйек 1566 жылы Сигетвар шайқасында қаза табады. Бірнеше аптадан кейін оны Сүлеймение мешітінде жерлейді.

II Сәлімнің (1524-1574) тұсында османлылар Кипр аралы мен Арабия түбегін толығымен жаулады.

III Мұрат (1546-1595) өз сұлтандығының басында сефевидтерге қарсы жорыққа шығып, нәтижесінде 1579 жылы Грузия мен Әзірбайжанды, ал 1580 жылы Каспий теңізінің оңтүстік-батыс жағалауын жаулап алды. 1590 жылы Константиние келісімі бойынша Ұлы Османлы Мемлекетіне Тебриз, Күнгей Кавказ, Күрдістан, Луристан және Хузестан қарады.

III Мехмет (1568-1603) 1596 жылы Мажарстанға жорық жасады. Хачова шайқасында 100-мыңдық османлы әскері 90-мыңдық габсбург әскерін талқандады. Османлылар аустриялық артиллерияны жойып, Мажарстанның көптеген бекіністерін өзіне қаратты.

III Мехметтен кейін Ұлы Османлы Мемлекеті тоқырау кезенін бастан кешті. I Ахметтен (1590-1617) VI Мехметке (1861-1926) дейінгі сұлтандар елдің ыдырауын тоқтата алмады. Сұлтандардың көбі мемлекеттік істерге араласпай, өздерінің гаремдерінде көңіл көтеріп, араққа салынды. Нағыз билік көбінесе сұлтандардың садрағзамдары, күңдері мен әтектеріне тиесілі болды. Олар билік үшін тартыста бір-бірін аямай, қастық ойлап, сұлтандарға қарсы қойып, өлім жазасына кестірткізіп, билікке жетіп жүрді.

VI Мехмет 1922 жылы тақтан безіп, елден біржолата кетеді. Осылайша Ұлы Османлы Мемлекетінің тарихы аяқталады, ал жаңа түріктердің тарихы басталады. 1923 жылдың 29 қазанында халифаттың басты ізбасары Түркия Республикасы құрылды.

Османлы сұлтандарының тізімі

өңдеу
Есімі Суреті Таққа отырған күні Тақтан кеткен күні Тұғрасы
Құрылу дәуірі
(27 шілде 129920 шілде 1402)
1 Қара I Осман
түр. Kara I. Osman
  27 шілде 1299 1 тамыз 1326
[c]
2 Жеңімпаз Орхан
түр. Gazi Orhan
  1 тамыз 1326 мамыр 1362  
3 Құдайшыл I Мұрат
түр. Hüdavendigâr I. Murat
  мамыр 1362 28 маусым 1389  
4 Шапшаң I Баязит
түр. Yıldırım I. Bayezit
  28 маусым 1389 20 шілде 1402  
Сұлтанаралық дәуірі
(20 шілде 14025 шілде 1413)
Сүлеймен сұлтан
Румелияның 1-ші сұлтаны
  20 шілде 1402 17 ақпан 1411
Мұса сұлтан
Румелияның 2-ші сұлтаны
  18 ақпан 1411 5 шілде 1413
Иса сұлтан
Батыс Анадолы сұлтаны
1403 1406
Мехмет сұлтан
Шығыс Анадолы сұлтаны
  1403 1406  
Мехмет сұлтан
Анадолы сұлтаны
  1406 5 шілде 1413  
Өркендеу дәуірі
(5 шілде 141329 мамыр 1453)
5 Мәртебелі I Мехмет
түр. Çelebi I. Mehmet
  5 шілде 1413 26 мамыр 1421  
6 Қожа II Мұрат
түр. Koca II. Murat
  25 маусым 1421 1444  
7 II Мехмет   1444 1446  
Қожа II Мұрат
түр. Koca II. Murat
  1446 3 ақпан 1451  
Даму дәуірі
(29 мамыр 145311 қазан 1579)
Жаулаушы II Мехмет
түр. Fâtih II. Mehmet
  3 ақпан 1451 3 мамыр 1481  
8 Әулие II Баязит
түр. Velî II. Bayezit
  19 мамыр 1481 25 сәуір 1512  
9 Жауыз I Сәлім
түр. Yavuz I. Selim
  25 сәуір 1512 21 қыркүйек 1520  
10 Заңшы I Сүлеймен
түр. Kanûnî I. Süleyman
  30 қыркүйек 1520 7 қыркүйек 1566  
11 Сары II Сәлім
түр. Sarı II. Selim
  29 қыркүйек 1566 21 желтоқсан 1574  
Тоқырау дәуірі
(11 қазан 157926 қаңтар 1699)
12 Бұзық III Мұрат
түр. Sefih III. Murat
  22 желтоқсан 1574 16 қаңтар 1595  
13 Әділ III Мехмет
(түр. Adlî III. Mehmet)
  27 қаңтар 1595 21 желтоқсан 1603  
14 Бақытты I Ахмет
түр. Bahtî I. Ahmet
  21 желтоқсан 1603 22 қараша 1617  
15 Телі I Мұстафа
түр. Deli I. Mustafa
  22 қараша 1617 26 ақпан 1618  
16 Кенже II Осман
түр. Genç II. Osman
  26 ақпан 1618 19 мамыр 1622  
Телі I Мұстафа
түр. Deli I. Mustafa
  20 мамыр 1622 10 қыркүйек 1623  
17 Бағдат жаулаушысы IV Мұрат
түр. Bağdat Fatihi IV. Murat
  10 қыркүйек 1623 9 ақпан 1640  
18 Ашушаң Ибраһим
түр. Asabî İbrahim
  9 ақпан 1640 8 тамыз 1648  
19 Аңшы IV Мехмет
түр. Avcı IV. Mehmet
  8 тамыз 1648 8 қараша 1687  
20 Жеңімпаз II Сүлеймен
түр. Gazi II. Süleyman
  8 қараша 1687 22 маусым 1691  
21 Жеңімпаз II Ахмет
түр. Gazi II. Ahmet
  22 маусым 1691 6 ақпан 1695  
Әлсіреу дәуірі
(26 қаңтар 169910 қаңтар 1792)
22 Жеңімпаз II Мұстафа
түр. Gazi II. Mustafa
  6 ақпан 1695 22 тамыз 1703  
23 Лала дәуірі сұлтаны III Ахмет
түр. Lala Devri Sultanı III. Ahmet
  22 тамыз 1703 2 қазан 1730  
24 Бүкір I Махмұт
түр. Kambur I. Mahmut
  2 қазан 1730 13 желтоқсан 1754  
25 Сопы III Осман
түр. Sofu III. Osman
  13 желтоқсан 1754 30 қазан 1757  
26 Алғашқы жаңартпашы III Мұстафа
(түр. İlk Yenilikçi III. Mustafa)
  30 қазан 1757 21 қаңтар 1774  
27 Жаңартпашы I Әбділхамит
түр. Islâhatçı I. Abdülhamid
  21 қаңтар 1774 7 сәуір 1789  
Ыдырау дәуірі
(10 қаңтар 17921 қараша 1922)
28 Низами III Сәлім
түр. Nizâmî III. Selim
  7 сәуір 1789 29 мамыр 1807  
29 Телі IV Мұстафа
түр. Deli IV. Mustafa
  29 мамыр 1807 28 шілде 1808  
30 Жаңартпашы II Махмұт
түр. İnkılâpçı II. Mahmut
  28 шілде 1808 1 шілде 1839  
31 Танзиматшы I Әбділмәжит
түр. Tanzimâtçı I. Abdülmecid
  1 шілде 1839 25 маусым 1861  
32 Бақытсыз Әбділғазиз
түр. Bahtsız Abdülaziz
  25 маусым 1861 30 мамыр 1876  
33 Телі V Мұрат
түр. Deli V. Murat
  30 мамыр 1876 31 тамыз 1876  
34 Ұлы II Әбділхамит
түр. Ulu II. Abdülhamid
  31 тамыз 1876 27 сәуір 1909  
35 Парасатты V Мехмет
түр. Reşâd V. Mehmet
  27 сәуір 1909 3 шілде 1918  
36 Дінбіріктіруші VI Мехмет
түр. Vahideddin VI. Mehmet
  4 шілде 1918 17 қараша 1922  
Республикалық халифат
(18 қараша 19223 мамыр 1924)
Соңғы халиф II Әбділмәжит
түр. Son Halife II. Abdülmecit
  18 қараша 1922 3 наурыз 1924
[c]

Тағы қараңыз

өңдеу

Библиография

өңдеу