Жалғанаяқтылар: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Content deleted Content added
Өңдеу түйіні жоқ
Өңдеу түйіні жоқ
20-жол: 20-жол:
<references/>
<references/>


{{Biosci-stub}}
{{zoology-stub}}
{{wikify}}
{{wikify}}



12:19, 2011 ж. тамыздың 21 кезіндегі нұсқа

Жалғанаяқтылар
Boa constrictor
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар
Сабы: Қабыршақтылар
Кіші сабы: Жыландар
Ықшам сабы: Alethinophidia
Тұқымдасы: Boidae
Gray, 1825
Синонимдері
  • Boidae - Gray, 1825[1]

Жалғанаяқтылар (лат. Boidae) - жыландар тұқымдасы. Кейде бұларды айдаһарлар деп атайды. Ең ірі жыландар. Ұзындығы 10 м дейін, (ең ірі анаконда 11 м 43 см болған). Жамбас, сан сүйектері мен артқы аяқтарының тырнақ жұрнақтары сақталған. Тістері жоғарғы жақ тіс, қанат тәрізді, таңдай, кей-біреулерінде жақ аралық сүйектеріне орналасқан. Дүние жүзінің барлық континенттерінің тропикалық және субтропикалық табиғи аймақтарында, айдаһарлардың 2 тұқымдас тармақтарының 8 туысы, 43 түрі таралған. ТМД-да Орта Азияның Қазақстанның және Кавказдың және таулы аймақтарында айдахар жыландардың 4 түрі кездеседі. Барар жерде және ағаштарды мекендейді. Сүтқоректілермен қоректенеді. Оларды орап, қысып тұншықтырып өлтіреді. Адамға сирек шабуыл жасайды. Тірі табатын жыландар, 3 тен 64 дейін тұқым береді. КСРО Қызыл кітабында 7 түр 4 түрше бар, ТМД-ның Қызыл кітабына 1 түр енгізілген.[2]

Қазақстанда айдаһардың 2 түрі бар. Бірінші түрі – құм айдаһаршасы (Eryx mіllіarіs) Қазақстанның оңтүстік-батыс өңіріндегі құрғақ далалы, шөлейтті жерлерде таралған. Бұларды жергілікті халық құм жылан деп атайды. Екінші түрі – шығыс айдаһаршасы (Eryx tatarіcus) Арал маңынан Зайсан қазаншұңқырына дейінгі аралықтағы құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді өңірде кездеседі. Олардың ұзындығы 80 – 90 см, түсі қоңыр, бауыры қара қоңыр не қара дақты болады. Жылына бір рет 10-20 ұрпақ береді. Кейбірі жұмыртқа салып, кейбірі тірі туып көбейеді. Айдаһар – улы жылан емес. Ол ұсақ кемірушілермен, жәндіктермен қоректенеді. Айдаһар кейде «аждаһа» деп аталып, халықтың қиял-ғажайып ертегілері мен аңыздарында аузынан жалын атқан көп басты, қанатты, үлкен «жыртқыш жылан» түрінде суреттеледі. Аспан әлеміндегі Темірқазық жұлдызының маңындағы шоқжұлдыз да «Айдаһар» деп аталады. Канар аралында «Айдаһар ағашы» деген ағаш өседі.[3]

Пайдаланған әдебиет

  1. McDiarmid RW, Campbell JA, Touré T. 1999. Snake Species of the World: A Taxonomic and Geographic Reference, vol. 1. Herpetologists' League. 511 pp. ISBN 1-893777-00-6 (series). ISBN 1-893777-01-4 (volume).
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN9965-08-286-3
  3. Қазақ энциклопедиясы, 1-том