Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 3 томдық жаңа түсініктеме шығарылды

Құрметті достар! Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 3 томдық жаңа түсініктеме жарыққа шыққанын хабарлауға қуаныштымыз. Ғылыми еңбекті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты дайындады. Түсініктеменің авторлары мемлекеттік, қоғамдық, оқытушылық және академиялық жұмыстарда мол тәжірибе жинақтаған көрнекті ғалымдар болып табылады.
Бұл жұмысты басып шығару қажеттілігі, ең алдымен, ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген көптеген өзгерістер мен толықтыруларды білікті түсіндіру қажеттілігінен туындады.
ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме қылмыстық заңнамаға қызығушылық танытатын оқырмандарға ғана емес, сонымен қатар сот жүйесінің, құқық қолдану органдарының және кең ғылыми жұртшылықтың өкілдеріне де пайдалы болады.
 
P.S. Жинақ 3 томнан тұрады. Бір жинақтың құны 20000 теңге.
ҚР ҚК түсініктемені сатып алу мәселелері бойынша: Астанада  8(7172)-26-61-25 телефоны бойынша, басқа қалаларда ЗҚАИ сайтында көрсетілген тиісті филиалдардың телефондары арқылы хабарласуға болады.