Жалпақ жапырақ иваншай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жалпақ жапырақ иваншай

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Myrtales
Тұқымдасы: Onagraceae
Тегі: Chamerion
Түрі: C. latifolium
Екі-есімді атауы
Chamerion latifolium
(L.) Holub
Синонимдері

Epilobium latifolium

Жалпақ жапырақ иваншай (лат. Chamerion latifolium) – күреңоттар тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстандық басқа түрден (жіңішке жапырақ иваншайдан) айырмашылығы тауда кездеседі. Мұзды мореналарда, ылғалды малта тастарда, өзен жағалауларында орман белдеуінің жоғарғы бөлігінен альпі белдеуіне дейінгі аралықта өседі. Тамырсабақты көп жыл жалаң бұтақтанған сабақтарымен биіктігі 50 см-ге дейін. Жапырағы жуандау, жалпақ қандауыр, қысқа сағақты. Төменгілері қарама-қарсы орналасқан, жоғарылары кезектесе ірі (ұзындығы 305 ені 1,5 см). Гүлшоғыры қалың емес, төрт мүшелі, ірі (диаметрі 3 см-ге дейін), күлгін түсті тостағанша жапырақшаларымен және жалпақ ашық күлгін желектерімен. Аталағы сегіз, оның төртеуі қалғандарынан ұзындау, түйін сопақ, қысқа, күлгін бағаналы, төрт бөлікті аналығымен аяқталған. Иваншай маусым-тамызда гүлдейді, жемісі (стручковый төртке қақырайтын қорапша) тамыз-қыркүйекте піседі. Тұқымы ұзын айдарлы, түк тәрізді, желмен, жануарлардың көмегімен тарайды. Олар өнгіштігін топырақта ұзақ уақыт сақтайды және алыс жерлерге таралып кетеді. Халықтың медицинада жемістері жаралады және күйікті емдеуге қолданылады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Иващенко А.А. "Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Суретті энциклопедия". Алматыкiтап баспасы 2008