Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі
2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Асқар Мамин
Әлихан Смайылов
Ізашары Бейбіт Атамқұлов
Ізбасары өзі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі ретінде
Ту
Ту
Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі
2021 жылдың 18 қаңтары — 2023 жылдың 29 наурызы
Ізашары өзі Сыртқы істер министрі ретінде
Ізбасары Мұрат Нұртілеу
Ту
Ту
Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
2023 жылдың 14 тамызынан бастап
Ізашары Әлібек Бақаев
Өмірбаяны
Білімі Әл-Фараби ат. ҚазҰУ
Мамандығы Философия маманы
Азаматтығы Қазақстан
Дүниеге келуі 30 маусым 1968 (1968-06-30) (56 жас)
Ақсукент ауылы, Сайрам ауданы Түркістан облысы, Қазақ КСР, КСРО
Марапаттары

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді (30 маусым 1968; Ақсукент ауылы, Түркістан облысы) — мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.

  • 1990-1993 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді.
  • 1993–1996 жж. — атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы;
  • 1996–1999 жж — Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы;
  • 1999–2000 жылдары — Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екі жақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы;
  • 2000–2001 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;
  • 2001–2003 жж — Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің кеңесшісі;
  • 2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі лауазымын атқарған;
  • 2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі;
  • 2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін — Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн княздігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  • 2015 жылы ҚР-ның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді.
  • 2016-2019 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
  • 2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
  • 2021 жылдың қаңтарында Мұхтар Тілеуберді Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
  • 2023 жылдың 14 тамызында Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды [1]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті