Қанатжеміс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қанатжеміс

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Brassicales
Тұқымдасы: Орамжапырақ тұқымдасы
Тегі: Thlaspi

Қанатжеміс (лат. Thlaspi) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер туысы.

Тараулы және өсетін жері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулері мен Оңтүстік Америкада кездесетін 60-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарының орманды, далалы жерлерінде, таудың тастақты беткейлерінде, шалғындықта, орман шетінде, өзен аңғарында, бұталардың арасында, альпі белдеуінде, бақша мен егістік арасында арамшөп ретінде 5 түрі өседі. Соның ішінде жиі кездесетін дала Қанатжемісі (Thlaspі arvense).

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Биіктігі 20 – 85 см, сабағы тік, ұшына қарай бұтақтанып келеді.
  • Жай жапырағы түксіз, өркенге кезектесіп орналасады.
  • Гүлдері шашақ гүлшоғырына жиналған. Жеке гүлінде 4 тостағанша жапырақша, ақ немесе қызғылт 4 күлте, 6 аталық (2-уі қысқа, 4-уі ұзын), аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.
  • Сәуірден тамызға дейін гүлдеп, жеміс салады.
  • Тұқымынан көбейеді.
  • Жемісі – екі ұялы бұршаққынша, жемісінің екі жағында (қырында) желмен таралуға бейімделген жұқа өсінді қанатшасы болады. Өсімдік аты соған байланысты аталған. Жемісі көп тұқымды (10 мыңға дейін).

Қанатжеміс – улы өсімдік, себебі оның құрамында эфирлі-қышалы майға ыдырайтын глюкозид болады. Сондықтан бұл өсімдікті мал жесе, мал сүтінен сарымсақтың иісіндей жағымсыз иіс шығады.

Өсімдіктен алынған шырынды медицинада дәрі жасау үшін пайдаланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім